Астанада Өзбекстанның ұлттық қолөнер көрмесі ашылды
Қазақ елінің бас қаласы – Астанадағы Ұлттық музейде «Тоқымалардағы мұра: Өзбекстанның кесте және тігін дәстүрлеріне саяхат» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
«Хунарманд» қауымдастығының хабарлауынша, экспозиция барысында XIX–XX ғасырларға тән бірегей жәдігерлер: зәр шапандар, ұлттық өрнекпен көмкерілген ерлер мен әйелдер тақиялары, сәндік жапқыштар мен зергерлік бұйымдар жұрт назарына ұсынылды. Көрмеге қойылған жұмыстар өзбек кесте өнеріне тән дәстүрлі «заминдузи» және «гулдузи» тәсілдерінде орындалған.

Ұйымдастырылған көрме жергілікті тұрғындармен қатар, Қазақстанда көп жылдан бері тұрып жатқан өзбек диаспорасының өкілдері арасында да үлкен қызығушылық тудырды.


Аталған көрме 2025 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады.