Арал теңізінің құрғап қалған аумағында шөл өсімдіктерін өсірудің кезекті маусымы басталды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылы мұнда 100 мың гектар жерге орман өсіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Орман өсіру құрғаған теңіз аймағынан зиянды тұздар мен шаңның көтерілуіне жол бермейді.
«Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік орман шаруашылығы комитеті бірлесе бұған дейін Арал теңізінің құрғаған бөлігінде 1 620 000 гектар аймақта сексеуіл және басқа да шөл өсімдіктерінен тұратын орман алқабын жасады. Биылғы маусымның ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі, Жуқорғи Кенгес төрағасы, Экологиялық партия төрағасы және т.б. қатысты», делінген хабарламада.
Арал теңізінің құрғап қалған аумағында көгалдандыру жұмыстарын Мемлекет басшысының Арал өңірін тұрақты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Тұрсынхан Худайбергенов үйлестіруде.