АҚШ Ходейда әуежайына соққы жасады
АҚШ әскери күштері Йеменнің батысында орналасқан Ходейда қаласындағы әуежайға үш мәрте соққы берген. Бұл туралы «Al Masirah» телеарнасы хабарлады.
Ал «Al Hadath» телеарнасының мәліметінше, америкалықтар бұл шабуылда топтың қару-жарақ қоймалары мен зымыран және ұшқышсыз ұшу құрылғылары орналасқан нысандарын нысанаға алған.
Шабуыл салдарынан хуситтердің Әскери-теңіз күштері қолбасшысы жараланған.