Андрей Шевченко «Украинаның ұлттық аңызы» сыйлығының иегері атанды
2004 жылғы «Алтын доп» иегері украиналық атақты шабуылшы Андрей Шевченко «Украина ұлттық аңызы» сыйлығының иегері атанды.
Украина құрамасы мен итальяндық «Дженоа» клубының бұрынғы бас бапкеріне тиісті марапатты ел президенті салтанатты түрде жеке өзі табыс етті.
«Киевтің «Динамо» клубы мен Украина құрамасының аңызы. Чемпиондар лигасы және «Алтын доп» иегері. Осы және басқа да көптеген атақтары оны бүкіл әлемге танымал етті», - делінген Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасындағы оқиға туралы жазбада.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың қарашасында Андрей Шевченко клубтық футболда Италияның «Дженоа» клубына бас бапкер ретінде дебют жасады. Ол 11 матчта бір ғана жеңіске жетіп, команданы төменгі орыннан шығара алмады. Екі айдан кейін, 2022 жылдың қаңтарында ол жұмыстан босатылған.