«Америка кубогы» ойындары басталды
Америка Құрама Штаттарының 14 қаласында футболдан «Америка кубогы» ойындары басталды.
Жарыстың алғашқы ойыны Аргентина мен Канада арасында өтті.
«А» тобындағы тартысты кездесу 2:0 есебімен Аргентинаның жеңісімен аяқталды. Кездесуде Альварес пен Мартинес гол соғып, Аргентинаның жеңісін қамтамасыз етті. Осылайша Скалони шәкірттері 3 ұпай жинап, топ көшбасшысына айналды.
Бұл топтағы екінші жұптық кездесу Перу мен Чили арасында өтеді.
«Америка кубогы» ойындарында 4 топқа бөлінген 16 команда бақ сынауда. Кубок финалы 15 шілдеде өтеді.
- «А» тобы: Аргентина, Перу, Чили, Канада.
- «В» топ: Мексика, Эквадор, Венесуэла, Ямайка.
- «С» тобы: АҚШ, Уругвай, Панама, Боливия.
- «D» тобы: Бразилия, Колумбия, Парагвай, Коста-Рика.