Бразилиядағы президент сайлауында Луис Инасиу Лула да Силва жеңіске жетті
25 қазанда Бразилияда өткен президент сайлауының екінші кезеңінің ресми қорытындысы бойынша қазіргі президент Луис Инасиу Лула да Силва жеңіске жетті. Осылайша, ол үзілістермен есептегенде, төртінші рет президент болып сайланды.
Жоғары сайлау соты (TSE) жариялаған түпкілікті нәтижелер төмендегідей:
Луис Инасиу Лула да Силва (Жұмысшылар партиясы, солшыл бағыт) – 51,8 пайыз;
Флавио Болсонару (Либералдық партия, оңшыл бағыт) – 48,2 пайыз.
4 қазанда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде Флавио Болсонару 47 пайыз дауыс жинап, Лула да Силвадан (45,1 пайыз) басым түскен еді. Бразилияда 1989 жылдан бері өткізіліп келе жатқан қазіргі заманғы сайлау тарихында бірінші кезеңде аз дауыс жинаған үміткердің екінші кезеңде жалпы жеңіске жетуі алғаш рет тіркелді.
Лула да Силваның қарсыласы Флавио Болсонару сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартып, дауыс беру уақытының ұзартылуына байланысты қорытындыны жоюды талап етіп отыр.
Президенттік сайлауда Лула да Силва жеңіске жеткенімен, ел Конгресінде (парламентте) оңшыл консерваторлар ең көп орынға ие болды. Бұл алдағы уақытта Лула да Силваның заңнамалық реформаларды жүзеге асыруы барысында елеулі саяси тартыстар болуы мүмкін екенін аңғартады.