2024 жылдың қаңтар-шілде айларында жалпы 4,2 миллион шетелдік азамат туристік мақсатпен Өзбекстанға келген.
Статистика агенттігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 562,5 мың адамға немесе 15,3 пайызға артқан.
Өзбекстанға келге туристердің басым көпшілігі Қырғызстан (1,2 миллион адам), Тәжікстан (1,2 миллион адам), Қазақстан (845,8 мың адам), Ресей (442,1 мың адам) және Түркіменстан (83,7 мың адам) елдерінен келген.
Сонымен қатар, Түркия (62 мың), Қытай (35,5 мың), Үндістан (33,3 мың), Оңтүстік Корея (23,9 мың), Италия (19,5 мың) және басқа мемлекеттерден (211,2 мың) туристер де осы мақсатта Өзбекстанға сапар шеккен.