2030 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге Оңтүстік Американың төрт елі үміткерлер қатарына қосылды
Футболдан Әлем чемпионатының 2030 жылғы мерейтойлы 100-ші чемпионатын өткізуге Оңтүстік Американың төрт елі бірлескен өтінім берді.
Уругвай, Аргентина, Парагвай және Чили «Juntos 2030» (Бірге 2030) атты ұранмен өтінім берген салтанатты шара 1930 жылы тұңғыш Әлем чемпионаты өткен Уругвай астанасы Монтевидеодағы «Сентенарио» стадионында өтті.

Осылайша 2030 жылғы футболдан Әлем чемпионатының мерейтойлы 100-ші чемпионатын өткізуге өтініш білдірген елдер саны тағы төртке көбейді.
Бұған дейін Испания мен Португалия, сондай-ақ Болгария, Румыния, Грекия және Сербия жіберген болатын.
Әлем чемпионатын қабылдайтын тарап 2024 жылы ФИФА-ның 74-ші конгресінде белгілі болады деп күтілуде.
Айта кетейік, биыл Қатар елі 2022 жылғы Әлем чемпионатын қабылдаса, 2026 жылғы турнир АҚШ, Канада және Мексика жасыл алаңдарында өтеді.