Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Бұхара қаласына барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен мемлекеттік сапармен елімізде жүрген Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 24 тамызда Бұхара қаласына барады.
«Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы Спикері Нуриддин Исмоилов, Ташкент қаласының әкімі Шавкат Умурзаков және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, 23 тамызда Ташкент қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер және Өзбекстан мен Әзербайжан басшыларының төрағалығымен Жоғары мемлекетаралық кеңестің үшінші отырысы өтті.

Кездесулер барысында тауар айналымын арттыру, іскер топтар мен өңірлер арасындағы кооперацияны тереңдету, көлік-транзит саласындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, сондай-ақ белсенді мәдени-гуманитарлық алмасуды жалғастыру мәселелеріне басты назар аударылды.

Екі Мемлекет басшысы халықаралық және өңірлік саясаттың өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Маңызды жобалар іске қосылып, келіссөздер қорытындысы бойынша ауқымды құжаттар топтамасына қол қойылды.


А.РУСТАМОВ,
Н.ХАЙДАРОВ(сурет),
ӨзА