Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы көпқырлы экономикалық әріптестік нығая түседі
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоев Пәкістан Ислам Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ахмад Фаруқпен кездесті.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты байланыстар кейінгі жылдары қарқынды дамып, стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңге көтеріліп келе жатқаны атап өтілді. Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылып, бұл үдерісте парламенттердің рөлі маңызды екені айтылды.

Екі мемлекет арасындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуда маңызды рөл атқаратын парламентаралық диалогты күшейту мәселелері қарастырылды.
Сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды, білім беру, туризм және ғылым бағытындағы серіктестікті дамыту мәселелері де талқыланды.
Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, екі ел халықтарының игілігі жолында белгіленген жоспарлардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.