Венесуэланың мұнай кен орындары АҚШ компаниясына беріледі
Американың «North American Blue Energy Partners» компаниясы Венесуэлада бұған дейін Ресей мен Қытай компаниялары басқарған бірқатар мұнай кен орындарын бақылауына алады.
Бұл кен орындарында бұған дейін бірнеше қытайлық және бір ресейлік компания жұмыс істеген.
Мәліметке қарағанда, NABEP Венесуэлада мұнай өндіруге қатысты барлығы 14 келісімшартқа ие болып, кен орындарының операциялық басқаруын жүзеге асырады.
Келісімге сәйкес, АҚШ үкіметі компанияның 35 пайыздық үлесіне ие болады. Сонымен қатар Вашингтон өндірілетін мұнайдың 20 пайызын өзіндік құны бойынша басым тәртіппен сатып алу құқығын алады.
Бұл келісім АҚШ-тың Венесуэла мұнай өнеркәсібіне қатысуын одан әрі кеңейтуі мүмкін деп күтілуде.