Теннис: Полина Кудерметова «Ningbo Open» турнирінің екінші айналымына шықты
Қытайда әйелдер арасында өтіп жатқан, жүлде қоры 1,2 млн АҚШ долларын құрайтын «Ningbo Open» халықаралық теннис турнирінде өзбекстандық теннисші Полина Кудерметова негізгі турдың екінші айналымына жолдама алды.
Жекелей сында алғашқы айналымда ол испаниялық Кристина Букшамен кездесті. Алғашқы сетте тай-брейкте басым түскен Полина екінші партияда 6:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
Осылайша, WTA 500 санатындағы «»Ningbo Open» турнирінің ширек финалына жолдама сарапқа салынатын келесі кездесуде Өзбекстанның үшінші ракеткасы Полина Кудерметова бүгінгі таңда әлемнің бірінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакинамен сынға түседі.