Формула-1 Руандада Африка Гран-приін өткізу туралы келісімге келді
Формула-1 Руандада Африка Гран-приін өткізу туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.
Жарыстың баспасөз қызметінің мәліметінше, келісім 10 жылға жасалған. Руандадағы кезеңді Формула-1 күнтізбесіне 2030 жылдардың басында енгізу жоспарланып отыр.
Егер жоспарланған жарыс жүзеге асса, Руанда Формула-1 тарихында Гран-при қабылдаған Африкадағы үшінші мемлекетке айналады.
Алдымен жоспар бойынша, жарыстарды өткізу үшін елде тұрақты автодром салынады.
Бұған дейін құрлықта ұйымдастырылған жарыстар – Мароккода (1958 жылы), Оңтүстік Африка Республикасында (1962-1993 жылдары) өтті.
Айта кетейік, Африкадағы соңғы Формула-1 кезеңі 1993 жылы Кьялами автодромында ұйымдастырылды. Осылайша, чемпионат қара құрлыққа шамамен 30 жылдық үзілістен кейін қайта оралмақ.
формула-1-дің Африкадағы Гран-приі соңғы рет 1993 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен болатын.