Ташкентте математикадан халықаралық олимпиада өтеді
2024 жылдың 24-25 ақпанында 3-11 сынып оқушылары арасында олимпиаданың бірінші туры онлайн түрде өтеді.
Қарақалпақстан Республикасы, Ташкент қаласы және барлық облыстардағы жалпы білім беретін мекемелер – мектептер, академиялық лицейлер мен мамандандырылған мектептердің оқушылары математикадан бақ сынайды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздарын жалпы жүлде қоры 450 миллион сум құрайтын алтын, күміс, қола медальдар, ақшалай сыйлықтар, кәдесыйлар, ең бастысы, халықаралық университетте оқуға 100 пайыз гранттар беріледі.