Салах «Ливерпуль» клубынан еркін агент ретінде кететін болды
Мохамед Салах пен «Ливерпуль» арасындағы келіссөздер күтпеген шешіммен аяқталды. Мерсисайдтық клубтың басты жұлдызы алдағы жазда командадан еркін агент ретінде кететін болды.
Журналист Бен Джейкобс таратқан ақпаратқа сәйкес, тараптар 2027 жылға дейінгі келісімшартты өзара келісіммен тоқтатуға келіскен. Бұл жағдай белгілі бір дәрежеде Юрген Клопптің клубтан ерте кетуімен ұқсас: неміс бапкері де келісімшарты аяқталуына екі жыл қалғанда «Ливерпульден» кеткен еді.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, клуб басшылығы Салахтың Англия футболында жасаған ерлігіне жоғары баға беріп, оның мансабында жаңа кезең бастау ниетін қолдаған. Сондықтан «Ливерпуль» ойыншыны еш кедергісіз жіберуге келісім берген.
Айта кетейік, Мохамед Салах бұған дейін жанкүйерлерге арнап қоштасу үндеуін жариялап, өз жолының жаңа тарауын бастауға дайын екенін меңзеген еді.