АФК бас хатшысы: Иран құрамасы ӘЧ–2026 турниріне қатысады
Азия футбол конфедерациясы (АФК) бас хатшысы Виндзор Джон Иран құрамасының 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иранның спорт министрі елдегі саяси жағдайға байланысты ұлттық құраманың АҚШта өтетін мундиальға бармауы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда ОФК өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Иран құрамасы – біздің мүшеміз. Біз олардың ойнағанын қалаймыз. Бізге белгілі мәлімет бойынша, Иран жарысқа қатысады.
Қазір эмоцияға толы кезең, түрлі пікірлер айтылуда. Дегенмен, түпкілікті шешімді Иран футбол федерациясы қабылдайды. Бүгінгі жағдайға келсек, федерация бізге әлем чемпионатына қатысатындарын хабарлады», – деді Виндзор Джон.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика алаңдарында өтеді.