Қытай мен Вьетнам ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті
Қытай Халық Республикасы Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ван Хунин Бейжіңде Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Чан Тхань Манмен кездесті.
«Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу барысында екі партия мен екі мемлекеттің жоғары басшылары жетекшілігімен алты негізгі мақсатқа қол жеткізу жолында бірлесіп әрекет етуге, барлық салада сапалы әрі өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге және Қытай мен Вьетнамның тағдыры ортақ қауымдастығын құруға дайын екені атап өтілген.
Ван Хуниннің айтуынша, Қытай серіктес елмен жан-жақты байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі.
Өз кезегінде Чан Тхань Ман Вьетнамның «Біртұтас Қытай» қағидатын берік ұстанатынын атап өткен. Оның айтуынша, Ханой, соның ішінде елдің Ұлттық жиналысы, екі ел арасындағы достық байланыстарды жандандыруға бейілді.