БАӘ-де автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты
Біріккен Араб Әмірліктерінің Рас-әл-Хайма аумағында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 11 адам қаза тапты.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, апат Әл-Ватан көшесінде болған. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем, азаматтық қорғаныс және құтқару қызметтерінің топтары жіберілген. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, құтқару жұмыстары жүргізілген.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.