Қазақстан мен Үндістан іздеуде жүрген адамдарды ұстап беру жөнінде келісті
Қазақстан мен Үндістан іздеуде жүрген адамдарды ұстап беру туралы шартқа қол қойды.
KAZINFORM мәліметінше, Құжатқа Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов пен Үндістанның Қазақстандағы елшісі Силас Тангал қол қойған.
Аталған Шарт, Тараптардың құқық қорғау органдары қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау мақсатында іздестіріп жүрген адамдарды ұстап беру үшін құқықтық негізді реттейді және ол жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етеді.
«Осы халықаралық құжат Қазақстан мен Үндістан арасындағы қылмыстық іс жүргізу саласындағы шарттық-құқықтық базаның қалыптасуын аяқтайды, өйткені екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек және сотталған адамдарды беру туралы келісімдер бұрын қолданысқа енгізілген, - делінген хабарламада.
Қадағалау органы басшысының айтуынша, шарт тараптар арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттардың жүйелі дамуын ескере отырып жсалған ерекше маңызға ие құжат.