Флоридада жеке ұшақ тұрғындар тұратын аумаққа құлады
АҚШ-тың Флорида штатындағы Гринейкрс қаласына жақын жерде ішінде жолаушылар мен экипаж мүшелерін қосқанда 9 адам болған «Learjet 60» жеке ұшағы тұрғындар тұратын аумаққа құлады.
Мәліметке қарағанда, Техас штатынан Багам аралдарына бағыт алған әуе кемесі жерге жоғары жылдамдықпен соғылған.
Жергілікті полиция басқармасы оқиға орнына апаратын жолдар көлік қозғалысы үшін жабылғанын хабарлады. Әзірге әуе апатының себептері, сондай-ақ зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.