Польшада шектеулерге байланысты мыңдаған адам наразылыққа шықты
Польшада абортқа қойылған шектеулерді жеңілдетуді талап етіп, мыңдаған адам Варшава мен елдің 20-дан астам қаласында наразылыққа шықты.
Әртүрлі ұрандар айтылған наразылық акциялары парламент екі күн бұрын шектеулерді жеңілдетуге бағытталған екі заң жобасын мақұлдағаннан кейін өтті. Алайда консервативті көзқарасымен танымал президент Карол Навроцкий бұл заң жобаларына вето қоюы мүмкін. Ал премьер-министр Дональд Тусктің либералдық үкіметі сайлауалды уәделерін орындамай отыр деп сынға ұшырауда.
Парламент мақұлдаған заң жобаларының бірі аборт жасауға көмектескені үшін қылмыстық жазаны ішінара алып тастауды көздейді. Екіншісі ұрықта ауыр ақаулар анықталған жағдайда аборт жасауға тыйым салған 2020 жылғы сот шешімінің салдарын жоюға бағытталған.
Наразылық білдірушілер елдің 26 қаласы мен Лондонда өткен акциялардан кейін жексенбі күні тағы бір митинг өткізетінін мәлімдеген.