Пакістанның бұрынғы премьер-министрі түрмеден ауруханаға ауыстырылды
Пәкістанда қамауда отырған бұрынғы премьер-министр Имран Хан жұма күні таңертең медициналық тексеруден өту үшін Исламабадтағы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы оның «Техрик-е-Инсаф» партиясы мәлімдеді.
Шешім Жоғарғы соттың тиісті тапсырмасынан кейін қабылданды. Мұндай талапты үш жылдан астам уақыттан бері қамауда отырған саясаткердің жақтастары да көтеріп келген.
Адвокаттардың айтуынша, 73 жастағы бұрынғы премьер-министрдің түрмедегі денсаулығы нашарлаған. Атап айтқанда, оның оң көзінің көру қабілеті айтарлықтай төмендеген. Жоғарғы сот билік органдарына Ханды Исламабадтағы «Шифа» ауруханасына ауыстырып, жеке дәрігерінің қатысуымен медициналық комиссияның тексеруінен өтуіне мүмкіндік беруді тапсырған.
Соған қарамастан, саясаткердің партиясы оны босатуды және сот істерін жеделдетуді талап етіп, 27 қыркүйекте бүкілхалықтық наразылық акцияларын өткізу жоспарынан бас тартқан жоқ.
Еске салайық, Имран Хан 2023 жылғы тамызда қамауға алынған және содан бері түрмеде отыр.