Либерияның бұрынғы вице-президенті есірткі саудасына қатысты қамауға алынды
2018–2024 жылдары Либерияның вице-президенті қызметін атқарған Джуэл Ховард-Тейлор есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты халықаралық тергеу аясында қамауға алынды.
The Times хабарлағандай, Ховард-Тейлор 19 тамызда ел астанасы Монровиядағы халықаралық әуежайға бара жатқан кезде ұсталған. Оған есірткі саудасына қатысты айып тағылды.
Биыл шілдеде Либерияда Еуропаға жөнелтілуі жоспарланған, құны 317 миллион доллар болатын 4 тонна кокаин тәркіленген еді.
Либерия үкіметі бұл іс бойынша ұсталғандарға ешқандай жеңілдік жасалмайтынын мәлімдеді.
Ховард-Тейлор 1997–2003 жылдары Либерия президенті болған Чарльз Тейлордың бұрынғы жұбайы. Қазір Чарльз Тейлор әскери қылмыстарға қатысты айыппен Ұлыбританиядағы түрмелердің бірінде 50 жылдық жазасын өтеп жатыр.