Колумбияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 132 адамға жетті
Кеше Колумбияның батысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан кемінде 132 адам қаза тауып, 570 адам жарақат алды.
BluRadio радиостанциясының мәліметіне сәйкес, 32 елді мекенде «қызыл» қауіп деңгейі жарияланды. Бұл аумақтарда елеулі қираулар тіркелген.
Еске сала кетейік, 10 тамыз күні таңертең Колумбияда магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Чоко департаментіндегі Сан-Хосе-дель-Пальмар муниципалитеті аумағында орналасқан.
Жер сілкінісі Колумбияның басым бөлігінде, сондай-ақ көршілес елдерде де сезілді. Құтқару қызметтері үйінділерді тазалап, адамдарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Колумбия үкіметі жойқын жер сілкінісінен кейін ел көлемінде төтенше жағдай режимін енгізді.