Жапонияда ұшақ бортында қуаттағыш құрылғыларды қолдануға тыйым салынды
Жапонияда ұшақ бортында тасымалданатын портативті қуаттағыш құрылғыларды (powerbank) пайдалануға тыйым салынды.
Бұл туралы «Japan Today» басылымы хабарлады.
Жаңа ережеге сәйкес, жолаушылар қол жүгінде екі данадан артық powerbank алып жүруге болмайды, ал ұшу кезінде оларды қолдануға қатаң тыйым салынады.
Аталған талаптар биыл 24 сәуірден бастап күшіне енеді. Мұндай шешім елде өткен Үкімет отырысынан кейін қабылданған. Онда Тетсуо Канеко мобильді батареялардан түтін шығу немесе өрт қаупінің қайталануына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту қажет екенін атап өткен.
Ресми органдар жолаушыларға электронды құрылғыларын ұшақта немесе әуежайларда қолжетімді сымды қуаттау құралдары арқылы зарядтауды ұсынады.