Түркия дағдарыс жағдайында ұшақтарға жанармай құю орталығына айналып келеді
Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан бірқатар елдерде авиациялық жанармайға шектеулер енгізілген шақта, ұшақтар жанармай құю үшін барған сайын көбірек Түркияны пайдаланып отыр.
Ekonomim басылымының хабарлауынша, кейбір әуежайлардағы шектеулерге байланысты ұшақтар жанармай алу үшін Ыстамбұл қаласына қонуды әдетке айналдырған.
Еуропа мен Азияда авиациялық жанармай жеткізуге енгізілген шектеулер әуе компанияларын балама жанармай құю орындарын іздеуге және бағыттарын өзгертуге итермелеуде. Қазіргі жағдайда Ыстамбұл негізгі хабқа айналған.
Салаға қатысты дереккөздер кейбір рейстердің соңғы бағыт болмаса да, тек жанармай құю мақсатында Ыстамбұлға қонатынын растаған. Мамандардың айтуынша, бұл жағдай әуе тасымалдаушыларының шығындарын арттырып, жүк тасымалының тиімділігіне кері әсер етуде.