Испания құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды
Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.
Матчтың негізгі уақытында командалар есеп аша алмады. Ойын тағдырын қосымша уақыттың 106-минутында Ферран Торрес соққан жалғыз гол шешіп, Испанияға жеңіс әкелді.
Кездесудің соңына қарай Аргентина қиын жағдайға тап болды. Екінші таймға қосылған минуттарда Энсо Фернандес екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бір ойыншысы кем қалған бұрынғы әлем чемпиондары испандықтардың қысымына төтеп бере алмады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатына тарихта тұңғыш рет 48 ұлттық құрама қатысты. Турнирді АҚШ, Мексика және Канада бірлесіп қабылдады.
Ал, 2030 жылғы әлем чемпионаты алғашқы мундиальдың 100 жылдығына орай Испания, Марокко және Португалияда өтеді.