Аргентина керемет камбэк жасап, әлем чемпионатының финалына шықты
Аргентина құрамасы Англияны жеңіп, 2026 жылғы ФИФА әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Атлантада өткен жартылай финалдық кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Ойынның барлық голдары екінші таймда соғылды.
Алғаш болып есепті Англия құрамасының шабуылшысы Энтони Гордон ашты. Алайда матчтың 85-минутында Энцо Фернандес алыстан жасаған тамаша соққысымен таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақыттың екінші минутында Лаутаро Мартинес жеңіс голын соғып, Аргентинаға финал жолдамасын сыйлады.
Осылайша, Аргентина құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатының финалына шықты. Финалда олар чемпиондық атақты қорғау үшін Испаниямен кездеседі. Ал Англия құрамасы қола жүлде үшін Франциямен күш сынасады.