ФИФА президенті Джанни Инфантино Өзбекстанға ресми сапармен келеді
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино бастаған делегация екі күндік ресми сапармен Өзбекстанға келді.
Өзбекстан футбол қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлағандай, ФИФА делегациясын спорт министрі Адхам Икрамов пен Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Равшан Ирматов қарсы алды.
Сапар барысында Джанни Инфантино Өзбекстанда футболды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысады. Атап айтқанда, футбол инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру, спорттың бұл түрін кеңінен насихаттау және жас таланттарды қолдауға бағытталған жобалар талқыланады.
Сонымен қатар Өзбекстан футболын дамыту және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралады. ФИФА делегациясы республикадағы бірқатар маңызды спорт нысандарын аралап, жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысады.