Велоспорт: «Tashkent Grand Prix» турнирі жоғары деңгейде өтті
Ташкент қаласында алғаш рет велоспорт бойынша беделді «Tashkent Grand Prix» халықаралық жарысы ұйымдастырылды.
Турнир Олимпияда қалашығы аумағында орналасқан заманауи велодромда өтіп, оған Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Үндістан және Өзбекстан елдерінен жалпы 15 команданың 100-ге жуық спортшы қатысты.
Ерлер арасында өткен «Madison» жарысында Сергей Ростовцев пен Дмитрий Бочаровдан құралған Өзбекстан ұлттық құрамасы 67 ұпай жинап, чемпион атанды.
[gallery-29311]
Үндістан құрамасының өкілдері Вишавжит Сингх пен Харшвир Секхон 45 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал Алимардон Жамолдинов пен Мухриддин Сапаров жұбы 31 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА