Футбол: Өзбекстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады
Өзбекстан ұлттық құрамасы 6–26 мамыр аралығында Ташкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл кезең ӘЧ-2026 турниріне дайындықтың маңызды бөлігі саналады.
Бас бапкер Фабио Каннаваро Ташкенттегі жиынға арналған кеңейтілген құрамды жариялады.

Жаттығу жиыны Ұлттық футбол орталығында өтеді. Оның аясында команда Суперлига клубтарына қарсы жабық бақылау матчтарын өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада елдерінде өтеді. Өзбекстан құрамасы бұл додаға өз тарихында алғаш рет қатысады.