Ташкентте автобуспен жолаушы тасымалдау бойынша рекорд жаңарды
15 қыркүйек күні Ташкент қаласының автобустарында жолаушы тасымалдау бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді.
Бұл туралы Ташкент қаласы Көлік басқармасы хабарлады.
«Бір күн ішінде Ташкент қаласының қоғамдық көлік (автобус) қызметін 1 миллион 520 мың 113 жолаушы пайдаланды», — делінген хабарламада.
Рекордтың нақты себебі хабарламада көрсетілмеген. Алайда 14 қыркүйек күні барлық жоғары оқу орындарында екінші және одан жоғары курс студенттері үшін жаңа оқу жылы басталғанын ескерсек, қоғамдық көлікке сұраныстың күрт артуы рекордтық көрсеткішке әсер еткен болуы мүмкін.