Наманганда 500 мегаватты күн электр станциясы іске қосылды
Наманган облысының «Поп» ауданында қуаты 500 мегаватт болатын күн электр станциясы іске қосылды.
Атаулы жобаны Германияның «Hyper Partners GmbH» компаниясы орындаған. Құны 350 миллион доллар болатын инвестициялық жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асырып, күн фотоэлектр станциясының қуатын 500 мегаватқа жеткізген. Осылайша, заманауи технологиялар негізінде салынған бұл энергетикалық нысан толық қуатында жұмыс істей бастады.
Жобаның жүзеге асырылуы өңірде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ауқымын кеңейтуге, электр энергиясын өндіру тұрақтылығын қамтамасыз етуге және энергетика саласына заманауи технологияларды енгізуге маңызды үлес қосады.
[gallery-31461]
Күн электр станциясының іске қосылуына орай ұйымдастырылған іс-шараға ел ағалары, қалың жұртшылық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жобаның маңызы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мүмкіндіктері және өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАЛИЕВ, ӨзА