Шотландияда Ұлыбританиядан бөліну бойынша референдум өтеді
Шотландия парламенті Ұлыбритания құрамынан бөлініп, тәуелсіз ел болу жөніндегі референдум өткізу бастамасын қолдады.
Бұл туралы Шотландия үкіметі хабарлады.
Шотландия ұлттық партиясының жетекшісі Жон Суинни жергілікті сайлау аяқталған 27 сәуір күні-ақ осы мәселені дауысқа қою ниеті бар екенін мәлімдеген еді.
Референдум өткізуді қолдап 72 депутат дауыс берді. Қарсы болғандар — 55 адам, тағы екі депутат қалыс қалған.