Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ басшыларымен Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Брюссель қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Кошта және Урсула фон дер Ляйенмен кездесті.
KAZINFORM мәліметінше, кездесуде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту жөніндегі Бірлескен мәлімдемені қабылданды.
«Олар 2025 жылы қол қойылғанына 10 жыл толуы аталып өткен Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады», делінген хабарламада.
Тараптар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік, энергетика, цифрландыру, жаңа технологиялар және маңызды шикізат салаларындағы байланыстарды күшейтуге келіскен. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызы атап өтіліп, визалық рәсімдерді жеңілдету жөніндегі келіссөздердің аяқталғаны құптаған.
Кездесуде мұнай, уран, жаңартылатын энергия және бейбіт атом энергетикасы салаларындағы серіктестікті дамыту мәселелері талқыланған. Сонымен қатар 150 миллион еуролық көлік жобасы, халықаралық зертхана құру бастамасы және Air Astana мен Airbus арасындағы құны 7,145 миллиард еуро болатын 50-ге жуық ұшақ сатып алу туралы келісім жоғары бағаланған.
Бұжан бөлек, тараптар жасыл энергетика, білім, ғылым және инновация салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді. Еуропалық Одақ Қазақстандағы саяси реформаларды қолдап, адам құқықтары, заң үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша диалогты жалғастырудың маңызын атап өткен.
Көшбасшылар халықаралық құқық қағидаттарына, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына бейілділіктерін растап, Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін құптады.