Мексиканы алғаш рет әйел президент басқарады
Мексикада жексенбі күні өткен президент сайлауында Мехиконың бұрынғы мэрі және қазіргі президенттің жақтаушысы Клаудия Шейнбаум жеңіске жетті.
Тарихта алғаш рет әйел адам Мексика президенті болды.
Алдын ала нәтижелер бойынша, сайлаушылардың 56 пайызы Клаудия Шейнбаумға, 30 пайызы оның басты қарсыласы сенатор Хочитл Галвеске дауыс берген.
61 жастағы Клаудия Шейнбаум қазіргі президент Лопес Обрадордың билеуші партиясының өкілі. Лопес Обрадордың өзі, конституцияға сәйкес, екінші мерзімге үміткер бола алмайды, сондықтан ол Шейнбаумды қолдаған.
Шейнбаум Мехикодағы еврей отбасында өсіп, физик ретінде танымал. 2007 жылы ол Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың мүшесі ретінде Бейбітшілік бойынша ұжымдық Нобель сыйлығын алды.