Франция Сауд Арабиясының мұнай терминалын қорғауға әскери күш жібереді
Франция президенті Эммануэль Макронның айтуынша, Париж Қызыл теңіз жағалауындағы Сауд Арабиясының негізгі мұнай экспорттау терминалы саналатын Янбу қаласын қорғау үшін әскери күштер, соның ішінде әскер, радарлар мен әуе қорғанысы жүйелерін жіберуді жоспарлап отыр.
– Бұл соғысқа қатысу үшін емес, кешенді қорғау үшін жасалады, – деп атап өткен ол.
Янбу қаласы Сауд Арабиясының Шығыс–Батыс мұнай құбыры арқылы Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіретін өңірлермен байланысқан. Мұнда шикізатты сақтайтын және өңдейтін ірі кәсіпорындар орналасқан. Ал Қызыл теңіз жағалауындағы қолайлы географиялық орны Сауд Арабиясына мұнайды Еуропа нарығына жеткізудің балама бағытын пайдалануға мүмкіндік береді.