Чадта су үшін болған жанжал салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Чадтың шығысында екі отбасының су көзін пайдалану құқығы үшін болған қақтығысы салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты.
Tchadinfos порталының хабарлауынша, екі отбасы арасындағы су көзіне байланысты дау-дамайдан туындап, кейін кең аумақта кек алу әрекеттеріне ұласқан. Кемінде 42 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған.
Вице-премьер Лиман Махаматтың айтуынша, әскери күштердің тартылуы жағдайды бақылауға алуға мүмкіндік берген.
Порталдың мәліметінше, көршілес Суданнан босқындардың келуіне байланысты Чадтың шығыс аймақтарында ресурстар тапшылығы күшейіп барады.