Жапонияда құс тұмауы өршіді
Жапонияның Аомори префектурасы аймағында құс тұмауының өршуіне байланысты 230 мың тауық жойылмақ.
«Kyodo» агенттігінің хабарлауынша, 32 құс фабрикасының айналасында 10 шақырым радиуста шектеулі аймақтар белгіленген. Қазіргі уақытта Аомори префектурасының билігі 230 мың тауықты жою шараларын жүргізуге мәжбүр болып отыр.
Сарапшылар бұл індеттің кең таралуы ел экономикасына елеулі әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, алаңдаушылық білдірген.
Әсіресе, 2023 жылғы жағдай нарықта ауыр із қалдырған болатын: ол кезде құстардың жаппай жойылуы Жапония елінде жұмыртқа бағасының 1991 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілуіне себеп болған. Баға өткен жылмен салыстырғанда 76 пайызға қымбаттап, тұтынушылар арасында үлкен дүрбелең туғызған еді.
Осыған байланысты Токио қаласындағы кейбір супермаркеттерде жұмыртқа сатуға шектеу енгізілген болатын.