Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға тыйым салынды
Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлер мен билік өкілдеріне смартфон қолдануға тыйым салынды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа тәртіпке сәйкес «Талибан» өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер бір-бірімен байланыс жасау үшін тек қарапайым ұялы телефондарды пайдалануы тиіс. Смартфон қолдану ережені бұзу ретінде қарастырылып, мұндай әрекетке барғандар әскери сот алдында жауап береді. Алайда нақты қандай жаза қолданылатыны әзірге жарияланған жоқ.
Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шешімнің басты мақсаты – интернетті орынсыз пайдалану мен «адамгершілік қағидаттарына қайшы келетін контенттің» таралуына және оны көруге тосқауыл қою.