Латвия әуе кеңістігінде НАТО жойғыш ұшағы алғаш рет дронды атып түсірді
Латвия Ұлттық қарулы күштері елдің әуе кеңістігіне кірген дронның НАТО жойғыш ұшағы тарапынан жойылғанын мәлімдеді.
Мәліметтерге сәйкес, кемінде бір дрон Ресей аумағынан Латвияның әуе кеңістігіне енген. Оқиға алдында Краслава мен Лудза аудандарында әуе дабылы жарияланған.
Латвия Қарулы күштерінің хабарлауынша, мұндай жағдай бұған дейін де тіркелген. Алайда бұл жолы дрон алғаш рет НАТО әскери авиациясының көмегімен атып түсірілген.
Сонымен қатар Молдова Қорғаныс министрлігі 8 маусымға қараған түні елдің әуе кеңістігіне Украина шекарасына жақын орналасқан Михайловка–Лопатна бағыты арқылы дрон кіргенін хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелері Лопатна аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінен дронның сынықтарын тапқан.
Қазіргі уақытта оқиғалардың мән-жайы мен дрондардың шығу тегі анықталып жатыр.