Өзбекстан СІМ Сингапурда жаһандық инвестициялық компанияның бас директорымен кездесті
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Сингапурға жасаған сапары аясында «Temasek Holdings» инвестициялық компаниясының бас атқарушы директоры Дилхан Пиллай Сандрасегарамен кездесті.
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Сингапурға жасаған сапары аясында «Temasek Holdings» инвестициялық компаниясының бас атқарушы директоры Дилхан Пиллай Сандрасегарамен кездесті.«Штаб-пәтері Сингапурда орналасқан Temasek Holdings компаниясының бас атқарушы директоры Дилхан Пиллай Сандрасегара мырзамен нәтижелі кездесу өткіздік. Компанияның әлемдік инвестициялық нарықтардағы мол тәжірибесі мен ұзақ мерзімді дамуға негізделген ұстанымы Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалармен үндесетінін атап өттік. Әңгімелесу барысында бірқатар бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастық әлеуеті жөнінде пікір алмастық», – деп жазды Бахтиёр Саидов өзінің Telegram парақшасында.
Кездесу барысында тараптар инвестициялық серіктестікті кеңейту, перспективалы жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және экономиканың түрлі салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған.