Өзбекстан Президенті Грузияға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен Тбилиси қаласына келді.
Шота Руставели атындағы халықаралық әуежайнда Мемлекет басшысын Грузия Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвили және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, Құрмет қарауылы сап түзеді.
Бүгін Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен келіссөздер өтеді. Ал ертең, 3 шілде күні Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесулер өткізеді.




