SpaceX-тің IPO-сы Илон Маскті тарихтағы алғашқы триллионерге айналдырды
Америкалық өнертапқыш Илон Масктың байлығы бір триллион доллардан асып, ол адамзат тарихындағы алғашқы триллионер атанды. Бұған оның ғарыштық технологиялар компаниясы SpaceX-тің рекордтық IPO-сы себеп болған.
Reuters мәліметінше, орналастыру барысында SpaceX 75 миллиард доллар инвестиция тартқан. Бұл тарихтағы ең ірі IPO саналады. Бұған дейінгі рекорд 2019 жылы шамамен 29 миллиард доллар жинаған Saudi Aramco компаниясына тиесілі болатын.
SpaceX акцияларының бір данасы 135 доллардан бағаланып, компанияның жалпы құны шамамен 1,77 триллион долларға жеткен.
Компания акцияларына сұраныс өте жоғары болған. Өтінімдердің жалпы көлемі 250 миллиард доллардан асып, оның 70 миллиард доллары жеке инвесторларға тиесілі болған.
IPO қорытындысы бойынша Масктің SpaceX-тегі үлесінің құны шамамен 866 миллиард долларға бағаланды. Ал оның Tesla компаниясындағы акциялары мен басқа да активтерін қоса есептегенде, жалпы байлығы 1,1 триллион доллардан асқан.