Өзбекстан басшысы Камбоджа Премьер-министрімен кездесті
Баку қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиті аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетпен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Жүйелі саяси диалог орнату, парламенттер арасындағы, мәдени-гуманитарлық және туризм салаларындағы алмасуды жандандыру маңызды екені атап өтілді.
Өзара тауар айналымын ұлғайту үшін өндірістік шаралар қабылдауға, соның ішінде елдердің өнеркәсіптік әлеуетін таныстыру мақсатында көрмелер өткізуге және іскерлік делегациялардың сапарларын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Тараптар осы бағытта сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы негізгі келісімдерді әзірлеу жұмыстарын жеделдетуге уағдаласты.
Сондай-ақ халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер, атап айтқанда, БҰҰ, ШЫҰ, ASEAN, Қосылмау қозғалысы және басқа да құрылымдар аясындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде пікір алмасты.