Наманганда картингтен жастар арасындағы Өзбекстан чемпионатының финалы өтті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Наманган облысында картингтен жастар арасындағы Өзбекстан чемпионатының финалдық кезеңі өтті.
3–5 сәуір күндері ұйымдастырылған жарысқа Қырғызстан мен Тәжікстан республикаларынан, сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлерінен 85-тен астам спортшы қатысты.
Қатысушылар МИКРО, МИНИ, СУПЕРМИНИ, OK-JUNIOR, ПАТРИОТ, КФ, KZ және Т-4 ПАТРИОТ санаттары бойынша бақ сынады.
[gallery-28582]
Жарыс қорытындысы бойынша, командалық есепте 1-орынды Ташкент қаласы, 2-орынды Наманган облысы, ал 3-орынды Ташкент облысы иеленді.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне жауапты ұйымдардың өкілдері, спортшылар және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАДИЕВ, ӨзА