Бильярд: Самарқандда өткен әлем чемпионатында жеңімпаздар анықталды
Самарқанд қаласында алғаш рет бильярдтың динамикалық пирамида бағыты бойынша өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
«Silk Road Samarkand» халықаралық туристік орталығында өткен тартысты бәсекеде 10-нан астам елден келген шамамен 150 шебер бильярдшы бақ сынады.
Чемпионаттың соңғы күнінде өткен жартылай финалда ресейлік Иосиф Абрамов қырғызстандық Калибек уулу Арсенді жеңсе, екінші жұпта өзбекстандық Нурбек Саломов ресейлік Никита Володинге есе жіберді.

Нәтижесінде үшінші орындар Н. Саломов пен Калибек уулу Арсенге бұйырды. Финалда Никита Володинді 9:6 есебімен ұтқан Иосиф Абрамов әлем чемпионы атанды.
Әйелдер арасында чемпиондық тұғырға беларусьтік Екатерина Перепечаева – Чернухо көтерілді. Екінші және үшінші орындар ресейлік бильярдшы қыздарға нәсіп етті.