«Ливерпульдің» тағы бір аңызы жазда клубтан кетеді
Англияның Ливерпуль клубының қорғаушысы Эндрю Робертсон маусым соңында командадан кетеді.
Бұл туралы мерсисайдтық клуб әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарлады.
Шотландиялық футболшы «Ливерпуль» сапына 2017 жылы «Халл Сити» клубынан ауысып келген еді. Осы уақыт ішінде ол «қызылдар» сапында жалпы 372 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 76 нәтижелі пас берген.
Сондай-ақ, ол командамен бірге УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа Суперкубогы, клубтар арасындағы әлем чемпионаты, Англия Премьер-лигасы (екі рет), Англия кубогы, Англия лига кубогы (екі рет) және Англия Суперкубогын жеңіп алған.