Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Ташкентке келді
10–12 сәуір күндері Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтеді. Аталған додаға әлемнің 40-қа жуық елінен 162 гимнаст қатысады деп күтіліп отыр.
Бүгін, 9 сәуір күні осы беделді жарыс қарсаңында оның құрметті қонағы – Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабе Ташкентке келді. Жоғары мәртебелі мейманды Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Спорт министрлігі мен Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы салтанатты түрде қарсы алды.


Айта кетейік, Әлем кубогының ашылу рәсімі 10 сәуірге жоспарланған.