Жаңа оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді
2026–2027 оқу жылы бойынша Өзбекстанда мектептердің 1-сыныбына қабылдау тәртібі бекітілді. Жаңа ережеге сәйкес, қабылдау үдерісі мемлекеттік қызметтер арқылы жүзеге асырылып, мектептер мен аумақтар саны едәуір арта түскен.
1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін аудан (қала) саны 64-тен 135-ке дейін, ал жалпы орта білім беретін мектептер саны 1956-дан 5689-ға дейін ұлғайған.
Сондай-ақ, 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет енгізілетін аудан мен қалалардың тізімі бекітілді.
Қабылдау үдерісі Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы (my.gov.uz) және Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігінің электронды қызметтер порталы (my.maktab.uz) арқылы жүзеге асырылады.
Өтініштер 2026 жылғы 20 маусымнан 31 шілдеге дейін бекітілген микроаумақ шеңберінде, ал 1 тамыздан 31 тамызға дейін микроаумақтан тыс аумақтар үшін қабылданады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, балалар 1-сыныпқа жеті жасқа толатын жылы қабылданады. Яғни, 2026–2027 оқу жылы үшін 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған балалар мектепке қабылданады.